БАҚ: Бельгия премьері ІІМ басшысының қызметтен кетуіне келісім бермеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия ішкі істер министрі Ян Ямбон Брюссельде орын алған лаңкестіктен кейін өз қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеген, алайда премьер-министр Шарль Мишель оның қызметін босату ниетін құптамады, деп хабарлады бельгиялық БАҚ.
RTBF телеарнасының болжамына сүйенсек, ІІМ басшысын отставкаға кету туралы шешім қабылдауына Түркия билігінің өткен жылы олар Брюссельде жарылыс ұйымдастырған жанкештілердің бірін елден шығарғаны туралы мәлімдемесі себеп болған.
Түркия президенті Ердоған сәрсенбіде хабарлағандай, Анкарада 2015 жылғы шілдеде бельгия елшілігіне елдің қауіпсіздік күштері белгия тумасы - экстремисті ұстағанын, оны елден шығарып жібергенін мәлімдеген. Алайда белгиялық сақшылар оны бірнеше күннен кейін лаңкестік ұйымға еш қатысы жоқ деп босатып жіберген.
«Бельгия бұл адам шет елдің содыры екендігі туралы ескертуімізді елемеді», - деп мәлімдеген Ердоған.
Соңғы деректерге сәйкес, 22 наурызда Брюссельде үш жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған.