21:04, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
БАҚ: EgyptAir апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың мәйіттеріне жүргізілген сараптама бортта жарылыс болғанын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - EgyptAir апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың мәйіттеріне жүргізілген сараптама бортта жарылыс болғанын көрсетті, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс сарапшы-криминалистке сілтеме жасап.

Тергеу тобына кіретін және мәйіттерді тексеруге қатысқан сарапшы Каирге мәйіттердің 80 бөлшегі әкелінгенін және олардың арасында «тұтас дене мүшесі» (қолы, аяғы) болмағанын айтты.
«Бұған қарағанда жарылыс болған», - деген криминалисттің сөздерін агенттік келтірді.
Өз кезегінде, Рейтер агенттігі мысырлық Пресс сарапшы-криминалистке сілтеме жасап жарылғыш заттарының ізі табылмағанын, алайда қаза тапқандардың мәйіттеріне қарағанда ұшақта жарылыс болғанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.