БАҚ: Эквадорда жер сілкінісі құрбандарының саны 655 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадорда жойқын жер сілкінісі салдарынан 655 адам қаза тапты. Бұл деректерді жексенбі кешке өз сайтында жергілікті Universo газеті жариялады.
Басылымның ақпаратына сәйкес, дүлей апаттан кейін медициналық көмекке 17 мыңнан астам адам жүгінген. Құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған 113 адамды құтқарды. 48 адам хабар-ошарсыз.
Бұдан бұрын Эквадор президенті Рафаэль Корреа сегіз күндік жалпы ұлттық қаралы күн жариялаған. Эквадорда - 1919 жылдан бері болмаған 7,8 магнитудалы жойқын жер сілкінісі 16 сәуірде Педерналес қаласында орын алды. Материалдық шығын шамамен бірнеше миллион долларға бағалануда.