БАҚ: Елизавета ІІ-нің бұрынғы көмекшісі корольдік отбасының құпиясын жарияламақ
АСТАНА. Қазақпарат - Ұлыбританияның корольдік отбасы баспаға дайындалып жатқан Елизавета патшайымның бұрынғы баспасөз хатшысының кітабын масқара оқиға ретінде күтуде, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Журналист, тележүргізуші, Елизавета ІІ патшайымның бұрынғы баспасөз хатшысы және Букингем сарайының ресми өкілі Дики Арбитер Чарльз ханзада мен Диана ханшайымның және басқа да екі корольдік жұп қатынастарының құпиясын ашпақ.
«Чарльз ханзада ызалы», - деп хабарлайды Букингем сарайының дереккөздері. Дики арбитер көп жылдар ханзаданың сенімді адамы және кеңесшісі болды. Енді 73 жастағы Арбитер жұртшылыққа монарх отбасының бүкіл былық-шылығын жайып салмақ. Авторға мұндай кітап жазуға ресми рұқсатың жоқ деген мәлімдеме де жасалған.
Кітап 2014 жылғы қазанда сатуға шығады деп күтілуде.