БАҚ: Флоридада Трамптың кортежіне шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палм-Бич (Флорида) әуежайынан Трамптың меншігіндегі Мар-а-Лагоға келе жатқан АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне белгісіз зат лақтырылған.

БАҚ: Флоридада Трамптың кортежіне шабуыл жасады

ABC News  телеарнасы Twitter-де хабарлағандай, кортежге тас лақтырған. Алайда тас президент автомобилінің жанында келе жатқан машинаға тиген. Мемлекет басшысының лимузині зардап шекпеді. Арнайы қызмет осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

CNN дерегі бойынша, оқиға жұма күні, 17 ақпанда түстен кейін орын алған. Трамп демалыс күндерін Флоридада өткізуді жоспарлап келген.