БАҚ: Генерал Назарзода Тәжікстандағы Рамит шатқалындағы арнайы іс-қимылдар кезінде өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық топтың көшбасшысы Әбдухалим Назарзода Тәжікстандағы Рамит шатқалындағы арнайы іс-қимылдар кезінде өлтірілді.
Бұл туралы жергілікті «Азия Плюс» агенттігінен хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, «таяу уақытта ресми мәлімдеме дайындалуы тиіс». Сонымен бірге, Тәжікстанның ІІМ мен республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бұл ақпаратты әзірге растамай отыр, деп хабарлайды ТАСС.