10:45, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
БАҚ: Германиялық музыкалық топтың Қазақстанға жасаған сапарлары «Сәлем, Қазақстан!» атты әнін шығаруға ықпал етті
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Германия тұрғыны, «Король Лир» музыкалық тобының мүшесі Виктор Унгефугтен хат келді,

деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Хатында автор арада жиырма жыл өткеннен кейін Қазақстанға жасаған сапарынан алған өз әсерін бөліседі. «Біздің Германияға Қазақстаннан көшіп келгенімізге 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Ол кезде біз 17-18 жаста едік. 2011 жылы біз туған жеріміз - Қазақстанға келіп, балалық шағымыз өткен жерлерде болдық», - делінген хатта.
В. Унгефуг Қазақстанға жасаған сапарлары музыкалық топтың «Сәлем, Қазақстан!» атты әнін шығаруға ықпал еткенін атап өткен.
Хат авторы Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан қызметіне табыс тілеген.