БАҚ Головкин-Джейкобс кездесуі бойынша жүргізілген келіссөздер туралы жазды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ring TV басылымындағы дереккөздер Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында өтуі тиіс келіссөздердің аяқталып қалғандығын хабарлады.
Басылым боксшылардың промоутерлері Том Леффлер мен Эл Хэймонның желтоқсанның 19-да Панамада өтуі тиіс промоутерлік сауда бойынша келісімге келуге жақын екендігін жазады.
Ал екі боксшының арасындағы кездесу осыған дейін мәлім болағанындай, Нью-Йоркте, Madison Square Garden аренасында 18 наурыз күні өтеді.
Аталмыш кездесуді HBO телеарнасы таратады, деп хабарлайды Sports.kz.