БАҚ: Головкин Коттоға шегінерге жер қалдырмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пуэрторикандық Мигель Коттоны бұрышқа тығып, оның кейін шегінер жолдарының барлығын бөгеді.

БАҚ: Головкин Коттоға шегінерге жер қалдырмады

Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О'хара осындай пікір ұстанып отыр.

WBC ережелері бойынша Котто таяу уақытта шаршы алаңға белбеуге міндетті үміткер - GGG-ға қарсы шығуы тиіс екені бұрыннан белгілі. Пуэрторикандықтың командасы осы кездесуден қашқақтап, бұл ретте атағын қараша айына дейін, Коттоның мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегі өткенше ұстап тұруға әрекет тырысып отыр.

Бұл ретте журналист Котто Альвареспен айқаста жеңіске жетсе, Головкиннен тағы қашқақтап, артқа шегінудің түрлі жолдарын ойластырып-ақ жатыр - пуэрторикандықтың командасы қазақстандықты салмақ түсіруге итермелеуі әбден мүмкін, бірақ GGG онымен айналысып жүр.

«Котто үшін шегінерге жол жоқ - Головкинмен жұдырықтасудан бас тартса, атағынан айырылады, яғни беделін жоғалтуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, таяу уақытта Головкин орта салмақтағы абсолюттік чемпион атанады», - деп түйіндеді журналисты.