БАҚ Гүлнар Каримованың уланып, қаза тапқанын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы - Гүлнар Каримова уланып, қаза тапты, деп хабарлады 22 қараша күні "Центр-1" сайты Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне сілтеме жасап.
Журналистердің мәлімдеуінше, 5 қараша күні 44 жастағы әйел уланып, көз жұмған. Сол түні ол Ташкенттегі "Минор" зиратына жерленген, ал оның қабірін жермен бірге тегістеп жіберген, деп айтылады мақалада.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы бұрын Сыртқы істер министрлігінде, сондай-ақ Гүлнар Каримова бірнеше жыл БҰҰ және Испанияда еңбек етті. Одан бөлек, зергерлік бұйым дизайнымен айналысты, "Гугуша" шығармашылық лақап атымен сахнада өнер көрсеткен. Гүлнар Каримова 2013 жылдың күзіне дейін белгілі кәсіпкер атанды. Телеарналар, радио стансалар мен сәнді киім үлгілері оның қол астында болған. Ал, БАҚ оны Орталық Азиядағы беделді әйелдердің бірі деп атады. Алайда, журналистердің мәліметтерінше, Каримова 2013 жылы қарашада әкесінің қаһарына ұшырап, бір сәтте барлығынан айырылды.
БАҚ-тың атап өтуінше, 2 қыркүйекте Ислам Каримовтың өлімінен кейін Гүлнар мен оның балалары Самарқандтағы жерлеу рәсіміне қатыспаған. БАҚ елдің болашақ көшбасшысы Шавкат Мирзиеевтың ел парламентінде Каримовтар әулетіне көңіл айтқанда Гүлнардың есімін атамай, тек оның әпкесі Лоланы атап өткенін байқаған.