12:11, 07 Маусым 2016 | GMT +5
БАҚ: Хиллари Клинтон АҚШ президенті сайлауында демократтар атынан үміткер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хиллари Клинтон АҚШ президенті сайлауында демократтар атынан үміткер атанды. Бұл туралы Associated Press агенттігі Twitter-дегі парақшасында партиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Демократиялық партиядан кандидатурасын жылжыту үшін қажетті дауыс жинады. Бұл оның таяуда өтетін сайлауға ресми өкіл бола алатынын білдіреді.
Хиллари Клинтонға қазір 2 383 сайлаушы қолдау білдірген. Ресми кандидат ретінде шілдеде Демократиялық партия конвенциясында ұсынылады.