БАҚ: iPhone 6 тамызда шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта нарықта iPhone-ның жаңа алтыншы нұсқасын тағатсыз күтіп жүргендер аз емес. Болжам бойынша, ол 2014 жылдың күзінде шығуы тиіс еді.

БАҚ: iPhone 6 тамызда шығады

Бірақ көпшіліктің қуанышына қарай, компания аталған тауарды жоспарлы мерзімнен бір ай бұрын, яғни тамыз айында шығармақшы.

Тайвань БАҚ-тарының мәліметіне сүйенсек, 4,7 дюймді экраны бар құрылғы жазда, ал 5,5 және 5,6 дюймді экраны бар модель қыркүйекке таман нарыққа жол тартпақ.

Алайда, бұл жаңа құрылғының қай елдерде сатылымға шығатыны әзірге белгісіз, деп жазады РОСБАЛТ.