Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БАҚ: Иракта АҚШ әскери ұшағы атып түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Анбар провинциясында АҚШ әскери ұшағы атып түсірілді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.

БАҚ: Иракта АҚШ әскери ұшағы атып түсірілді

«АҚШ-тың әскери ұшағын Айн-аль-Асад базасы маңында атып түсірді», деп хабарлады аталған телеарна «ИМ» террорлық тобын насихаттайтын сайтқа сілтеме жасай отырып.

Алайда, АҚШ орталық басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарды, деп жазады ria.ru.