БАҚ: Иран байытылған уранның жартысына жуығын медициналық реактордың отынына айналдырды

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Иран 20 пайызға дейін байытылған 100 килограмм уранды медициналық зерттеу реакторы үшін отынға айналдырды, деп хабарлады Росбалт.

БАҚ: Иран байытылған уранның жартысына жуығын медициналық реактордың отынына айналдырды

Агенттіктің Иранның атом энергиясы ұйымының басшысы Әлиакбар Салехидің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, сөйтіп, 20 пайызға дейін байытылған уранның қоры 240 килограмнан 140 килограмға дейін қысқарды.

Еске сала кетейік, тамыздың аяғында Иран Натанзедегі орталықта уранды байыту үшін 1,861 центрифуганы қосымша орнатқаны, сөйтіп, олардың жалпы санын 15,416 мыңға жеткізгені хабарланған болатын.

Қуаттардың арттырылуына қарамастан, Иран жоғары байытылған уранның көлемі бойынша Израиль белгілеген «қызыл сызықтан» асқан жоқ.

Еске сала кетейік, Иран мен МАГАТЭ өкілдері 27 қыркүйекте Тегеранда ирандық ядролық проблема бойынша келіссөздердің кезекті раундысын өткізеді. Бұл Иран президенті Хасан Рухани сайланғаннан бергі ирандық шенеуніктер мен МАГАТЭ сарапшыларның алғашқы келіссөздері болмақ.

Батыс әлемі көптен бері Иранның ядролық бағдарламасына байланысты ядролық қару жасауға күдіктеніп, алаңдаулы.