БАҚ: Испанияда Эбола безгегін жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда Эбола безгегін жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді, деп хабарлады 7 қазанда Sky News арнасы. Инфекция медициналық қызметкерден анықталған.

БАҚ: Испанияда  Эбола безгегін жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді

Осылайша, Испанияда екі медқызметкер вирусты жұқтырған.

Дүйсенбі күні сараптамалар осы қауіпті дертті жұқтырғанын растаған соң медбике ауруханаға жеткізілді.

Ол корольдік аумағында аталған вирусты жұқтырған жалғыз испандық. Ал Эбола дерті анықталған бірінші испандық науқас Либерияда жұмыс істеген шіркеу қызметкері Мигель Пахарес болған. Ол 12 тамызда көз жұмды.