БАҚ: Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік аудандарына әуеден соққы жасап жатыр
Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік аудандарына әуеден соққы жасап жатыр. Шабуылдап жатқан – Израиль Әскери әуе күштері мен әскери теңіз күштері. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Израильдің әскери ұшақтары Газа секторының оңтүстік аудандарын бомбалап жатыр. Бұл туралы ливандық Al Mayadeen телеарнасы мәлім етті.
Олардың дерегінше, Израиль әскери авиациясы Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Хан-Юнис қаласының Аль-Карара ауданында «ретсіз бомбалау» ісін жүргізіп жатыр. Сондай-ақ телеарна Израиль ӘТК анклавтың орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласындағы тұрғынүйлерге соққы жасағанын хабарлады.