БАҚ: Каир қаласында «Аль-Кайеданың» уақытша басшысы тұтқындалды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Каир қаласының әуежайында «Әл-Кайеда» халықаралық лаңкестік жүйесі көшбасшыларының бірі - Сейф әл-Адель ұсталды, деп хабарлайды арабтың Al-Jazeera телеарнасы. Егжей-тегжейлері әлі айтылған жоқ, деп хабарлайды РБК.
2011 жылдың мамыр айында «Әл-Кайеда» жетекшілігіне жақын адамдар жүйенің негізін қалаушы Усама бен Ладен өлтірілгеннен кейін С. әл-Адель ұйымның уақытша көшбасшысы болып сайланғанын хабарланған болатын.
С. әл-Адель АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының қатты ізделіп жатқан лаңкестерінің тізіміне кіреді. Оған 1998 жылдан бастап АҚШ-тың Кения және Танзаниядағы Елшіліктерінде болған лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деген айыппен іздеу салынған. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті С. әл-Адельді қолға түсіруге көмектесе алатын ақпарат үшін 5 млн. доллар көлемінде сыйақы ұсынған.