БАҚ: Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын 5 млн. долларға сатып алды
![None None](/static/img/plug.webp)
Британиялық басылымның ақпараты бин Хаммамның электронды хаттары, құжаттары мен банктік есепшоттарына негізделген.
Ол сайлауға қатысатын ФИФА-ның атқару комитетіндегі 30 африкалық ұлттық футбол қауымдастықтарына 200 мың долларға дейін қаржы төлеген. Ол сонымен бірге сайлауға қатысы бар адамдарға ақша таратып, салтанатты қабылдаулар өткізген.
Бин Хаммамның өзі атқару комитетінің мүшесі болды. 2010 жылдың желтоқсанында ол 2018 және 2022 жылдары өтетін чемпионат иелерін анықтауға қатысқан еді. Бір жылдан кейін ол ұйым президентін сайлауда сатып алуға қатысы болғандықтан ФИФА-дан шығарылды.
Бин Хаммамның ұлы Хамад Әл-Абдулла түсініктеме беруден бас тартты.
Осыған дейін ФИФА президенті Йозеф Блаттер Катардың 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны етіп таңдалуы қателік болғанын мойындаған болатын.