БАҚ: «Қайрат» ФК Андрей Аршавинге көз салып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» жартылай қорғаушы Андрей Аршавинге қызығушылық танытуда. chаmpionat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық футбол клубы Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысының кандидатурасын қарастыруда, алайда басты кедергі футболшының қаржылық талабы болуы мүмкін.

БАҚ: «Қайрат» ФК Андрей Аршавинге көз салып отыр

1 ақпанда краснодарлық «Кубань» 34 жастағы жартылай қорғаушымен тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын тоқтататынын хабарлады. Футболдан Ресей Премьер-Лигасының биылғы маусымында Аршавин 8 матч өткізді және бірде-бір гол соға алмады. Футболшының өзі клубтардың әртүрлі ұсыныстарын қарауға әзір екенін мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.