БАҚ Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюына зор үлес қосты - ҚР Президенті
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюына зор үлес қосты,
деп мәлімдеді «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінде болған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен осындай ғимаратты салуды көптен бері ойлап жүр едім, алайда бұған уақыт пен қаражат жетпеді. Дегенмен, бұндай ғимараттқа қол жеткіздік. Бұл орталық барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген, жұмыс істеуге жағдай жасалынған. Біздің негізгі телеарналарымыз осы жерде орналасатын болады», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінде әлемдегі ең үлкен дыбыс жазу студиясы орналасатынын атап өтті.
Президент «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінде орналасатын БАҚ-ы жұмыстарының сапасын арттыру керектігін атап көрсетті.