БАҚ: «КХДР басшысы Ким Чен Ын атасы Ким Ир Сенге ұқсау үшін Швейцарияның ірімшігін жеп жүр»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік кореялық көшбасшы Ким Чен Ын күннен-күнге семіріп барады. "Российская газета" жазғандай, КХДР басшысы марқұм атасы Ким Ир Сенге ұқсау үшін швейцарлық "Эмменталь" ірімшігін құмарта жеген. Ірімшік солтүстік корейлік басшыға Еуропадан арнайы әкелінеді, деп хабарлауда шетелдік БАҚ.
Пхеньянда түскен фоторепортаждардан Ким Чен Ынның артық салмақ қосқанын бірден байқауға болады. Семіздік Ким Чен Ынның денсаулығына кері әсерін тигізуде, дейді КХДР-ден қашып кеткен солтүстіккорейлік диссиденттер.