БАҚ: Ливия жағалауындағы кеме апатынан қаза тапқандардың саны 85-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында кеме апатынан қаза тапқандардың саны 85-ке жетті, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі Ливия қауіпсіздік қызметі органдарына сілтеме жасап.

БАҚ: Ливия жағалауындағы кеме апатынан қаза тапқандардың саны 85-ке жетті

Бұған дейін 40 адам апат құрбаны болды деген хабар таратылған . Кеме ел астанасы Триполиден шығысқа қарай Жерорта теңізімен жүзіп бара жатқанда апатқа ұшыраған.