БАҚ: Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне үміткер болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің бұрынғы мэрі, миллиардер Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне өзінің кандидатурасын ұсынуы мүмкін, деп хабарлайды Би-би-си Блумбергтің қасында жүретін дереккөздерге сілтеме жасап.
Олардың мәліметтеріне қарағанда, кәсіпкер тәуелсіз кандидат ретінде өз науқанын бастамаққа бел буып отыр.
Бұған Блумберг 1 млрд доллар көлемінде өзінің жеке қаржысын жұмсауға дайын.
Майкл Блумберг 2002 - 2013 жылдарда Нью-Йорктің мэрі болды. Сондай-ақ ол Bloomberg ақпараттық агенттігінің иесі болып табылады.