БАҚ Мэйвезерге Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Bleacherreport.com спорт порталының журналисі Кевин Макрэй даңқты боксшы Флойд Мэйвезер Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін оның мансабын дамытатын жеке бес нұсқа жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Тізімдегі төртінші орында Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен айқас тұр.

«Мэйвезер 2013 жылы «Канеломен» мегафайтта жұдырықтасып, әр раундтың әр секундында жеңіске жеткен еді. Альварес содан бері күшейді, алайда біз ол шоуды көріп қойдық. Егер Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні «Канелоны» жеңсе, қызықтырақ болатын еді. Сол кезде ол P4P  рейтингінде көшбасшылыққа үміткерлік ететін орта салмақтағы чемпион болар еді. Бұл Мэйвезердің ойынға қайтуы үшін жеткілікті ме? 50-0 рекордын орнатқан ол ол ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Флойдтың мұрасы үшін бұл да, басқа айқас та керек емес. Оның сыншылары әрдайым риза болмайды, ал жанкүйерлері - оған бар жанымен берілген. Бұл болады деп күтілетін жекпе-жек емес және бұл ұсынысты Флойдтың қабылдайтыны екіталай, алайда ол оны қабыл алса ше?» - делінген материалда.

Бұл нұсқадан бөлек, автор Мэйвезерге мынаны ұсынды: Макгрегормен қарымта айқас өткізу, Эррол Спенспен жекпе-жекке шығу, зейнетте қалу, сондай-ақ жаңа Флойд Мэйвезерді табу. 

Соңғы жаңалықтар