БАҚ «Миланның» бұрынғы бапкерін Қазақстанға жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдары «Милан» футбол клубының бұрынғы бапкерін Қазақстанға жіберді. Дереккөзге сенсек, Қазақстанның Футбол Федерациясы Массимилиано Аллегриге ұсыныс та жасап қойған, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп жазады Vesti.kz.
Қырық алты жастағы италиялық осы жылы ұлттық құраманы жаттықтыруды қолға алған ресейлік маман Юрий Красножанның орнын баспақ.
Ертеректе жұмыссыз қалған жаттықтырушы "Лационы" баптауы мүмкін екені айтылып келген-ді. Естеріңізге сала өтсек, Массимилиано Аллегри 2010 - 2014 жылдары "Милан" командасын жаттықтырған болатын.