БАҚ: Мосулда үйінділер астынан 2,6 мың адамның денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Мосул қаласында тұрғын үй үйінділерінің астынан үкімет әскері мен ДАИШ жасақтарының арасындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан 2650 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Anadolu қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сілтеме жасап.

БАҚ: Мосулда үйінділер астынан 2,6 мың адамның денесі табылды

Мосулдағы үйінділерді ақтару жұмыстары қала лаңкестерден азат етілген соң, 10 шілдеде басталған. Екі айда 2650 адамның денесі табылған. Олардың көпшілігі белсенді қарулы қақтығыстар жүрген батыс аудандарының тұрғыны болған.
Құрбандардың денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.