БАҚ өкілдері арасында азаматтық қоғам тақырыбы бойынша байқау өтеді

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Перспектива» қоғамдық қоры журналистер арасында азаматтық қоғам тақырыбындағы үздік жарияланымдарға байқау жариялады.

БАҚ өкілдері арасында азаматтық қоғам тақырыбы бойынша байқау өтеді

Байқау Мәдениет министрлiгiнiң тапсырысы бойынша әлеуметтiк-мағыналы жобалар аясында жүзеге асып отыр. Мақсат - дінаралық сұхбатты күшейту, төзімділік, жалған дiни ұйымдардың қызметтерінінің профилактикасы және экстремизм мен лаңкестік мәселесіне қоғамның назарын аудару. Оған 1 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығында республикалық, облыстық және аудандық мерзiмді басылымдар мен телерадио эфирінінде қазақ және орыс тiлдерiнде шыққан ұжымдық және жеке жұмыстар қабылданады. Онда жеңімпаздар: «Қазақ тiлiндегі газет-журналдардағы ең үздік жарияланым», «Орыс тiлiндегі газет-журналдардағы ең үздік жарияланым» , «Қазақ тiлiндегі ең үздік теледидар материалы», «Орыс тiлiндегі ең үздік теледидар материалы», «Қазақ тiлiндегі ең үздік радиоматериалы», «Орыс тiлiндегі ең үздік радиоматериалы» аталымдары бойынша ақшалай жүлделермен және дипломдармен марапатталады. Онда өзге үміткерлер арнайы диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталады деп жоспарлануда. Оған құрамына белгiлi журналшылар, журналистiк ұйымдар мен мемлекеттiк құрылымдардың және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдері енген қазылар алқасы төрелік жасайтын болады.