БАҚ өкілдерінің мол тәжірибесі, біліктілігі мен жауапкершілігі қазақстандық журналистиканың ізгі дәстүрлерін одан әрі жалғастырады - Қ.Мәми

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сенат спикері құттықтауын өзінің жеке блогына орналастырды. ҚазАқпарат құттықтау мәтінін таратады.

Құрметті журналистер, Сіздерді байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетті дамыту бағдарламасын табысты орындауға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық беделін арттыруға қомақты үлес қосып келеді.

Әсіресе, парламенттік тілшілерге ризашылығымды білдіріп, алғыс айтқым келеді. Республиканың жоғары заң шығару органының қызметі туралы шынайы және толық ақпарат қоғамдағы құқықтық негіздерді нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін артыруға ықпал етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мол тәжірибесі, біліктілігі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы қазақстандық журналистиканың ізгі дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға қызмет ете береді деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыстар тілеймін!

Соңғы жаңалықтар
telegram