БАҚ өкілдеріне арналған халықаралық журналистика және коммуникациялар жазғы мектебі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 25-27 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросы (Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі) және Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен бірлесіп, «Медиа және тұрақты даму: Орталық Азияның болашағы» атты халықаралық журналистика және коммуникациялар жазғы мектебін ұйымдастырады.

БАҚ
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, бағдарламада Орталық Азия елдерінің медиа және коммуникациялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен мастер-кластар, медиа-практикумдар, панельдік пікірталастар жоспарланған. Туризм және экология бағыттардағы салалық журналистиканы дамыту, жалған ақпаратқа қарсы шаралар, кәсіби стандарттарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Мектепке Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің студенттері, магистранттары, PhD-докторанттары және журналистері қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын және медиа саласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады.

Іс-шараның өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорттық-сауықтыру лагері, Ыстықкөл, Бөстері кенті, Қырғызстан.

- БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз, - делінген хабарламада. 

Өткен аптада әлемдік медиа кеңістікте Қазақстанға қатысты жаңалық азайған жоқ. Интернет басылымдарда экономиканың 6,2 % өсім көрсетуі, Орта дәліздің болашақ әлеуеті туралы ақпарат жиі ұшырасты. Үкімет басшысының «Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шыға ма?» деген сауалға берген жауабы, лудомандарға психологиялық көмек көрсету жұмысы да жазылыпты. Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум