БАҚ: Олландтың шаштаразы ай сайын шамамен 10 мың еуро алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық БАҚ президент Франсуа Олландтың жеке шаштаразының жалақы көлемін жариялады. Белгілі болғандай, оны министрлердің табысымен салыстыруға болады.
None
None

Le Point жазғандай, Оливье Б. есімді шаштараз ай сайын 9 мың 895 еуро пайда табады. Атап өту керек, ел үкіметі мүшелерінің жалақысы 9 мың 940 еуроны, ал мемлекет басшысының табысы  14 мың 999 еуроны құрайды.

Шаштараздың міндеттерінің ішінде мемлекет басшысына керек кезде қасында болып, сапарларда бірге жүруі бар. Б. Оливьемен бес жылдық келісімшартқа 2012 жылдың мамырында қол қойылған. Оған Елисей сарайы кеңсесінің директоры қол қойды. Бұл уақытта шаштараз табысы 593 мың 700 еуроны құрайды. Сонымен қатар ол тұру үшін жәрдемақы алады және жанұяға арналған артықшылықтарды пайдаланады, деп жазады шетелдік БАҚ.  

Соңғы жаңалықтар