БАҚ: ОПЕК келіссөздері Мәскеуде өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК ұйымының картельге кірмейтін елдермен келіссөздері 10 желтоқсан күні Мәскеуде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg осы мәселеден хабары бар дереккөзіне сілтеме жасай отырып.
Осыған дейін талған келіссөздерді ОПЕК өкілдері Дохада өткізбек деп хабарланған болатын.
«Ресей мен ОПЕК аталмыш ұйымға кірмейтін мемлекеттермен келіссөздер өткізетін орын мен уақыт мәселесін талқылауда. Ең ықтимал бағыттардың бірі Мәскеу болып отыр. Тараптар жиынды Ресей астанасында 10 желтоқсан күні өткізбек»,-деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Аталмыш материал жарияланардың алдында Энергетика министрлігі РБК тілшісінің сауалына жауап бермеді. Алайда, тілшіге ресейлік делегациядағы дереккөз келіссөздердің өтетін орны мен уақытына байланысты нақты шешім жоқ екендігін хабарлады.
«ОПЕК ұйымына кірмейтін елдермен келіссөздер өткізетін бірнеше орын қарастырылуда. Олар үшеу: Мәскеу, Вена, Доха. Олардың ең жақыны Вена»,-деді РБК-ға сұхбат беруші.
Ол сонымен қатар келіссіздер өткізілетін мерзім ретінде 9-10 желтоқсан аралығы талқыға түсіп жатқандығын айтты. ОПЕК мүшелері Венада 30 қараша күні мұнай өндіру көлемін кеміту мәселесін келісті. Жалпы алғанда картельдің күшімен ұйымға кірмейтін мұнай өндіруші елдерге мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,2 млн баррельге азайтып 32,5 баррельмен шектеу туралы мәселе қойылмақ.