БАҚ пен әлеуметтік желілерде жұмыстың белсенді жүргізілуінің арқасында сайлаушылардың келу деңгейі жоғары болмақ - Б. Нұрмұхамедов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды науқаны қалыпты болды. Бұл жолғы науқанда екі жаңашылдықты атап өтуге болады.
Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мүмкіндігін белсенді түрде пайдалану, осыған байланысты жастардың креативті роликтер мен жазбалар арқылы белсенді қатысуы. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға Ұлттық зерттеу институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов хабарлады.
«Президенттік сайлауға келетіндердің саны парламенттікке қарағанда жоғары болады. Қазақстан тарихындағы бұл жолғы сайлау науқанының ерекшелігі - сайлаушыларды дауыс беруге шақыру бойынша жұмыс БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу жүріп жатыр. Бұл өз нәтижесін беріп, өз дауысын беруге келген сайлаушылардың қатары қалың болады деп ойлаймын».