«БАҚ пен баспасөз қызметтерінің өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - 21 қыркүйек күні елордада «БАҚ пен баспасөз қызметтерінің өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

БАҚ пен мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар баспасөз қызметтерінің арасында өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға ҚР Презденті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі баспасөз қызметтерінің жетекшілері, министрлердің, облыс әкімдерінің, ұлттық компаниялардың баспасөз хатшылары, БАҚ басшылары және журналистер қатысады.

Алқалы жиын барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен құзіретті органдардың баспасөз қызметтері арасында ақпарат алмасу әдістері және олардың проблемаларын шешу жолдары қарастырылады. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңы қарастырылып, түрлі ұйымдардың баспасөз қызметтерінің қызметтері мен міндеттері және журналистер әдебі талқыланады.

Соңғы жаңалықтар