БАҚ: «Реал» Роналдуды 60 млн. еуроға сататынын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» басшылығы команданың португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатуға әзір. Бұл туралы Goal.com. хабарлады.
Басылымның ақпаратына сәйкес, мадридтіктер Португалия құрамасының футболшысынан 60 миллион еуро пайда түсірмек. Олар қазіргі уақытта оңтайлы шешім табу үшін испандық грандпен келіссөз жүргізуде. Роналду оны сатып алатын клубтан жылына 20-25 миллион еуро жалақы алуға үмітті, деп жазады lenta.ru.
Өткен жылы қазанда Роналдудың досы - «Шеффилд Уэнсдей» футболшысы Жозе Семеду португалиялық шабуылшы мансабын Англияда аяқтағысы келеді деп айтқан.