БАҚ саласындағы жаңа технологияларды игеруде кадрларды оқытуға басымдық беріледі - Мәдениет және ақпарат вице-министрі

АСТАНА.  5 қазан. ҚазАқпарат -  Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жаңа технологияларды игеруде кадрларды оқытуға басымдық беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау кезінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

«Астанадағы жаңа телеорталықты іске қосқан кезде жоғары технологиялар саласында кадрлардың жетіспеушілігі байқалды. Себебі, бұл жаңа нысан соңғы буынды технологиямен жабдықталған»,-деді вице-министр.

Осы орайда ол бұл мәселе өзекті екенін, бағдарлама жобасы аясында біліктілікті арттыруды қаржыландыру мәселесі ескерілгенін жеткізді. Бұдан бөлек вице-министр аталған жиындағы ұсыныстарға сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігімен кадр мәселесін «Болашақ» бағдарламасы бойынша даярлау тұрғысында тиісті талқылаулар жүргізілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар