БАҚ сауалдарына жауап бермейтін шенеуніктердің еңбекақысы кемиді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ-пен өзара іс-қимыл үшін меморгандардың жауапкершілігі артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап беру жағдайына байланысты болады.

«Қызмет тиімділігін бағалауды бонустық-балдық жүйеге байланыстырамыз. Яғни егер де ол жауап бермесе, оның рейтингі төмендейді, сәйкесінше еңбекақысы да азаяды. Бізде ақпаратқа қол жеткізу заңы бар, онда меморгандар қызметінің тиімділігін бағалуды ескеретін бөлім қамтылған. Басшысы қызметкердің жұмысындағы тиімділіктің негізгі көрсеткішін қарайтын болады. Критерийлердің бірі ретінде БАҚ-пен жұмыс болады. Сонымен қатар ол оны қызметінен де босата да алады»,-деді министр Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Осы мәселе бойынша тілшілер қауымы кей кездерде мемлекеттік органдар БАҚ сауалдарын назардан тыс қалдыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Абаев «ресми өкіл» ұғымы енгізіліп жатқанын, ресми өкіл өз жұмысында БАҚ-пен жұмысқа тікелей жауап беретінін түсіндірді.

Бұдан бөлек, министр бұқаралық ақпарат құралдары сауалдарына жауап беру мерзімін қысқарту қарастырылып жатқанын сөз етті.

«Қазір талқылып жатырмыз. Бір аптаның ішінде белгілі болады»,- деп түйіндеді сөзін министр.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік органдардың журналистердің сұрауына жауап беру мерзіміне қатысты пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар