БАҚ-тағы тіл шұбарлығы алаңдатарлықтай - республикалық басылымдарға шолу
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі 31 тамыз, сәрсенбі күні республикалық басылымдарда жарық көрген өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
***
«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Әскери шеру: ел айбыны айшықталды» атты мақалажарық көрді. Мақалада кеше ғана елордада өткен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Конституцияның 16 жылдығына арналған әскери шеру суреттеледі. Сондай-ақ онда салтанатты шарада Елбасы көтерген бірқатар мәселелер жөнінде жазылған. «Біз осылайша, тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақ елін дүниежүзіне паш еттік. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Еліміз енді инновацияларға негізделген индустриялық даму жолына бет алды. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек!», дейді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ осы басылымның бүгінгі санында «Бақ-тағы тіл тазалығы» атты мақала жарық көрді. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының кеңесшісі Серікбай Шаймағанбетовтың айтуынша, бүгінгі күні БАҚ қазақ тілін шұбарланудан, «арам» сөздерден сақтауда өзіндік рөл атқарып келе ме? Жасыратыны жоқ, соңғы кезде отандық телеарналар Ресейдің, тіпті болмаса мұхиттың арғы жағынан көшіріп алынған түрлі шоу хабарларға толып кетті. Өкінішке қарай сол хабарлардың мағынасымен бірге сығалап, сыналап қазақ тіліне жат, «арам» сөздер қаптап кетті десе де болады. Қазір қай арнаны қосып қалсаң да тілге жеңіл ауызға оралып тұрған «Отырық», «Жатырық», «дәл қазір» сияқты сөз тіркестерден бас көтере алмайсың»,-дейді. Филиал кеңесшінің БАҚ-тағы тіл мәселесіне қатысты ойларымен «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санынан бөлісе аласыздар.
***
«Айқын» басылымыбүгінгі санында «Билікпен байланыс нығая түседі» аты мақала жариялады. Мақалаға ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Атырауда ұйымдастырылған V Азаматтық форумда көтерілген мәселелер сөз болады. Басылымның жазуынша, осы форумда атыраулық үкіметтік емес ұйым өкілдері өздерінің жетістіктері мен міндеттерін саралап таныстырған. «Атырау облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әлия Бекқожиеваның айтуынша, ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде үкіметтік ұйымдар өзін қоғамның белсенді мүшесі екенін көрсетіп, олар өз тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың индикаторы бола алды. «Қарапайым халықтың қажеттілігін қанағаттандыру Үкімет пен жекенің арасындағы делдал болып келетін үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі мен бастамашылығына байланысты болып отыр»,-дейді бірлестік президенті. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санында.
Сондай-ақ аталмыш басылым бүгінгі санында елордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Конституцияның 16 жылдығына арналған әскери шеру туралы жазады. Бұған қоса басылым бетінде Конституция күні мерекесінің еліміздің аймақтарында қалай атап өтілгендігі мен ондағы ірі мерекелік шаралар жөніндегі бір топ мақала басты.
***
«Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевпен болған сұхбат жарияланыпты. Онда еліміздің мұнай, газ саласындағы қалыптасқан жағдай мен болып жатқан бірқатар проблемалар туралы баяндалады. Мнистрдің сөзінше, бүгінде Қазақстан бүгін ішкі нарықты дизельді отынмен толық қамтамасыз етіп отыр. Алайда осы дизельді отын шығарылатын мұнайдың жартысы Ресейден әкелінеді. Ал бензинге қатысты жағдай біршама күрделі. Себебі еліміздің мұнай зауыттары толық қуатында жұмыс істеп тұрған кездің өзінде біз оның брі бөлігін, нақтырақ айтқанда жоғары октанды бензинді сыртан әкелуге мәжбүрміз. Мысалы Аи-92 маркілі бензиннің 35 пайызы сырттан тасымалданады. Ал Аи-95, Аи-98 және әуе көліктеріне қажетті керосиннің басым бөлігі тасымалданады. «Тек Аи - 80 маркілі бензин бойынша ғана ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алып отырмыз»,-дейді министр. Мұны «Казахстанская правда» басылымының бетін жарияланған «Мұнай-газ саласын экономикалық үдерістерден бөлір қарауға болмайды» атты тақырыптағы сұхбаттан оқи аласыздар.