БАҚ: Тайландтың оңтүстігінде ұшақ сынықтары табылды, бұл жоғалған Малайзия Боингі болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті тұрғындар ені екі метр, ұзындығы үш метр ұшақ қалдығын тауып алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

БАҚ: Тайландтың оңтүстігінде ұшақ сынықтары табылды, бұл жоғалған Малайзия Боингі болуы мүмкін

Елдің оңтүстік жағалауынан табылған ұшақ қалдықтары, 2014 жылы наурыз айында жоғалып кеткен малайзиялық Боинг болуы мүмкін деген болжам жасалды.
Ұшақтың сопақ бөлшегі жағалауға шығып қалған, оны тауып алған Накхонситхаммарат кентінің тұрғындары жергілікті билікке сынықты анықтап беруді сұраған.
«Малайзияның жоғалған ұшағының сынығы» деген болжам жасап үлгерген жергілікті Тай басылымдарына қарсы қандай да бір ресми мәлімдеме хабарланбады.
Еске сала кетсек, Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777-200 ұшағы MH370 рейсі бойынша Куала-Лумпур - Бейжің бағытымен 2014 жылдың 7 наурызы күні түнде ұшып шыққан. Ұшақ әуеге көтерілген соң екі сағаттан кейін байланыс үзіліп кеткен. Ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшелері болған.