Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БАҚ: «Титаниктің» апатқа ұшырауына айсбергтің қатысы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Журналист Шенан Молони «Титаник» кемесінің апатқа ұшырауына айсбергтің қатысы жоқ деген мәлімдеме жасады.

БАҚ: «Титаниктің» апатқа ұшырауына айсбергтің қатысы жоқ

Independent басылымының жазуынша, Молони 30 жыл бойы зерттеу жүргізіп, кеменің апатқа ұшырау себебін анықтамақ болады. Ол кеменің саяхатқа шығардан бұрынғы, айсбергке соғылғаннан кейінгі суреттерін зерттеген. Журналистің болжамынша, пароходтың айсбергке соғылған жері түсірілген суреттерде ұзындығы 9 метр болатын қара күйенің ізі жатыр. Бұл «Титаник» апатқа ұшырамастан бұрын бұзылғанын дәлелдейді дейді ол.

Басылым хабарлағандай, сарапшылар бұл жанармай қоймасында болған өрттің ізі болуы мүмкін деген болжамды растады. Олар бірнеша апта бойы кемеде өрт шыққан, команда тілсіз жауды өшіруге қанша тырысса да, өртті сөндіру мүмкін болмады деген болжам айтады. Молонидің пікірінше, кеменің иелері өрт жайлы жолаушыларға хабарламаған әрі қызметкерлеріне тіс жармау туралы бұйырған-мыс.  Журналист кеме айсберге соғылғанға дейін қаптамасы жарамсыз болған деген болжам жасап отыр. Бұл кеменің апатқа ұшырауына, айсберг қана емес өрт себеп екенін дәлелдейді.

Еске сала кетейік, «Титаник» алып кемесі 1912 жыл апатқа ұшыраған. Кеме бортында 2 мыңнан астам адам болған, оның басым бөлігі қаза тапты.