08:45, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
БАҚ: Түркияда жандармерия маңында жарылыс болды, жараланғандар бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Сирия шекарасына жақын орналасқан түріктің Кулп қаласында жарылыс болды. Vatan газетінің хабарлауынша, жараланғандар бар.

Оның деректеріне сәйкес жарылғыш зат қойылған көлік жандармерия ғимаратының маңында іске қосылған. Бес қызметкер жарақат алған, деп жазды ТАСС.
Ешбір лаңкестік ұйым жарылыс жауапкершілігін мойындарына алмады. Басым бөлігі күрдтер орналасқан Түркияның оңтүстік-шығысында соңғы айларда қауіпсіздік күштері мен Күрдстан Жұмысшы партиясының мүшелері арасында қарулы қақтығыстар жиі қайталануда.