БАҚ Үкімет жұмысын әрқашанда сынап келген - Қазақстанның Бас редакторлар клубының президенті

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай отандық бұқаралық ақпарат құралдары әрқашанда Үкімет жұмысын сынап келген деп санайды.
None
None

Астанада «БАҚ пен мемлекеттік органдардың өзара байланысын жақсарту» тақырыбында өткен семинар барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере келе, К.Жолдыбай: «БАҚ белгілі бір мөлшерде және белгілі бір көлемде әрқашан сын айтқан. Мүмкін бүгінгі күні сын айту бірінші орынға шыққан шығар. Айтылған сын конструктивті болса, онда ол көтерілген мәселелердің шешілуіне көмектеседі деп ойлаймын», - деп мәлімдеді.

Клуб басшысы соңғы уақытта тек тәуелсіз БАҚ қана емес, сонымен қатар ресми БАҚ беттерінде де сыни материалдардың көптігі жөнінде де ойын ортаға салды.

«Біздің барлығымыз бәсекелестік ортадамыз және қатаң нарық жағдайында жұмыс істейміз. Мұқият және тұрақты БАҚ оқитын адам мұндағы сыни сипаттағы мақалалар мен материалдарды көреді, бірақ, олар «көз сүрінетіндей» сын емес. Мен бұған қатысты дүрбелең жасау орынсыз деп ойлаймын. Керісінше, бұл біздің ортақ ісімізге көмектеседі деп санаймын», - деп атап өтті белгілі қазақстандық журналист.

Соңғы жаңалықтар