БАҚ: Үндістанда жүрегі сыртында орналасқан қыз дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 сәуір күні Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында сирек кездесетін туабітті кемістігі бар қыз дүниеге келді. Сол кемістіктен қыздың жүрегі сыртқа шығып кеткен, деп жазды Daily Star.

БАҚ: Үндістанда жүрегі сыртында орналасқан қыз дүниеге келді

Сәбидің ата-анасы ақау туралы ультра-дыбыстық зерттеуде білген, бірақ ары қарай тексеру жүргізу үшін ерлі-зайыптының ақшасы болмаған.

"Біз тұңғышымызды мұнша қиналады деп ойламадық», - деді қыздың анасы.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың аман қалу мүмкіндігі - 50 де 50. Қызды Дели ауруханасына жеткізді, оған Үндістан медициналық ғылымдар институтының мамандары ота жасайды.

Жүрек эктопиясы- яғни органның ерекше орынға жылжып кетуі өте сирек кездеседі, 150 мың адамның біреуінде ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ақауға тап болған балалардың 90% өлі күйінде туады немесе өмірінің алғашқы күнінде көз жұмады.