10:33, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
БАҚ: Варшава Германияға нацистердің алтыны тиелген бронепойызды қайтаруға дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлин жуырда Польша аумағында Валбжиха қаласының жерінің астынан табылған бронепойыздағы байлыққа қол жеткізе алады.

Бұл туралы The Daily Telegraph Польша мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Нұсқалардың бірі бойынша, пойыз немістерге тиесілі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында нацистер Валбжихтегі Вроцлавадан тартып алған алтын мен өзге де бағалы заттарды тасымалдады деген болжам бар. Бұл пойыз жолда белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен.
Пойыздың ішінде нақты не бар екені әзірге белгісіз. Онда қару немесе өнер туындылары мен алтын болуы мүмкін, деді Польша көне ескерткіштерін бас сақтаушысы Петр Жуховский.
Пойызды поляк пен неміс тапты. Олар мұндағы жүк құнының 10% талап етуге ниетті, деп жазды Yoki.ru.