БАҚ: Жоғалған алжирлік ұшақ бортында Ресей азаматтары болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні жоғалған алжирлік әуе компаниясына тиесілі ұшақтың 112 жолаушысының ішінде ресейліктер де болуы мүмкін, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Сонымен қатар жолаушылардың ішінде 50 француз, төрт ГФР азаматы, Ливан, Алжир және Буркина-Фасо азаматтары болды.
Өзге ақпараттарға сүйенсек, бортта 119 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Бұл ақпарат әзірге ресми расталмады.