БАҚ: Жоғалған Boeing 777 ұшағы ықтимал айдап кетуден кейін жеті сағаттан астам уақыт ұшуды жалғастырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытай теңізі ауданында радар экрандарынан жоғалып кеткен «Малайзия авиажелілері» компаниясының ұшағы, сірә, айдап әкетілген болуы мүмкін, одан кейін де жеті сағат жарым уақыт ұшуды жалғастырған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Бұл туралы британдық «Би-Би-Си» хабар тарату корпорациясы хабарлады.

Ол Малайзия билігінің спутниктер мен радарлар көмегімен алған лайнерді бақылау мәліметтерін келтіреді.

«Ұшақ бағытын өзгерткен және жеті сағат бойы ұшуды жалғастырған. Авиациялық байланыс жүйесі лайнер Малайзияның шығыс жағалауына жақындаған кезде айырылып тасталған. Бұдан кейін көп кешікпей Малайзия және Вьетнам авиадиспетчерлік қызметтері жауапкершілігі аймағының шекарасына таяу жерде таныту дабылдарын беретін ұшақтың радиодабылы өшірілген», деп атап өтеді Би-Би-си.

Сонымен қатар лайнер басқа дабылдар беруді жалғастырған, оны ғарыштық ұшу аппараттары тіркеген. «Спутник 8 наурызда жергілікті уақытпен 08:11-ге дейін, яғни ұшақ радардан жоғалып кеткеннен кейін жеті сағаттан астам уақыт өткесін дабылды қабылдаған, бірақ та оның қай жерде екенін анықтау мүмкін болмады», - деп түсіндіреді корпорация.

Спутник ұшақтың соңғы дабылын қабылдаған кезде лайнерде отын бітуге жақындауы тиіс, деп атап өтеді Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак. Сенбі күні баспасөз мәслихатында ол БАҚ-тағы әуе кемесін біреулер айдап кетуі мүмкін деген ақпаратты қуаттады. «Біздің мәліметтеріміз бойынша біреулер қасақана байланыс құралдарын өшіріп, оны бағытын өзгертуіне мәжбүрлеуі мүмкін», деп атап көрсетті Разак.

Спутниктерден берілген ақпарат егер ұшақты біреулер жаулап алған болса, онда екі әуе дәлізінің бірімен ұшуы тиіс. Оның бірі - Таиландтың солтүстігінен басталып, Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы шекара бағытымен өтеді. Екіншісі Индонезиядан Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне қарай кетеді. Бұл бағыттар спутник Үнді мұхитының үстінен қабылдаған дабылға сәйкес анықталды.

Бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі бар Boeing 777-200 ұшағы Куала-Лумпурдан Бейжіңге жұма күні 7 наурызда ұшып шықты. Шамамен екі сағаттан кейін лайнер кенеттен радарлар экранынан жоғалып кетті, ал экипаж байланысқа шығуды тоқтатты. Бұл кезде ол Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде Кота-Бару қаласынан 120 теңіз миліндей қашықтықта болды.

Жолаушылар тізімі жарияланғаннан кейін екі адам бөтен біреулердің төлқұжатымен ұшаққа отырғаны анықталды. Төлқұжаттардың шын иелері - итальяндық пен австриялық өздерінің құжаттарын бұдан бұрын Таиландыда жоғалтып алғандарын хабарлады. Интерпол мәліметтері бойынша, бөтен құжаттарды Иран азаматтары пайдаланған.

Ұшақпен болған оқиғаның басқа да ықтимал нұсқалары - лаңкестік, айдап кету, екі двигателінің де істен шығуына немесе нашар ауа райына байланысты апат болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар