БАҚ журналистері арасындағы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы байқау басталды

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығы БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлады.
None
None

Байқауға бұрын жеңімпаз атанбаған және 2007 жылдан бергі уақытта осы жүлденің жеңімпазы  болмаған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық - орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.

Өтініштер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010017, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 35 үй, №2714 почта жәшігі, ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығына («2012 жылғы С. Бердіқұл атындағы байқауға» деген белгімен). Қабылдау мерзімі - 5 желтоқсанға дейін.

Үміткерлер 2012 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс:

1. Олимпиада, Әлем және Азия чемпионатына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.)

2. Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты,  мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (Спартакиадалар, турнирлер, Паралимпиалық ойындар, Ұлттық спорт түрлері фестивалі) т.б. насихаттау.

3. Елімізде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша проблемалар көтеру және оның шешу жолдарын көрсетіп беру.

Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Берілген ақпаратты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (www.sport.gov.kz) және ҚР ҰШКжСР дирекциясының (www.kazsports.kz ) сайттарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоғарыда көрсетілген  сайттарда орналасады.

                                              

Соңғы жаңалықтар