Бақалардың уылдырығы жыландардың қозғалысын сезетін болған

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар бақалардың уылдырықтан шықпай жатып-ақ жыландардың жақындағанын қалайша сезіне алатынын анықтады,

Бақалардың уылдырығы жыландардың қозғалысын сезетін болған

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Зоологтарға егер уылдырық шашылған жерге жақын маңда жылан жылжып өтсе, итбалықтардың мерзімінен бірнеше күн ерте (ары кеткенде үш күн) уылдырықтарын жарып шығатыны бұрыннан белгілі. Алайда жануарлардың жыртқыштардың пайда болғанын қалай анықтайтынын және жылан шығаратын дыбысты басқа дыбыстармен, айталық, тамшының дыбысымен қалайша шатастырмайтынын ғалымдар анықтай алмай келген болатын.

Жаңа жұмыстың авторлары уылдырықтарын су қоймаларының жанындағы жапырақтарға шашатын Agalychnis callidryas қызылкөзді бақаларға бірнеше эксперименттер жасады. Олар уылдырықтарды төменгі жиілікте дыбыс шығаратын құрылғының жанына орнатты. Жиілігі 100 герц дыбыстар жыланның жылжыған кездегі шуылына сәйкес келеді. Зерттеушілер 0-ден 500 герцке дейінгі жиілікті имитация жасады. Тәжірибелердің екінші кезеңінде мамандар шуылдың сипатын өзгерте отырып, жауынның жауғанын немесе жыртқыштың келгенін білдірді. Жауын жауған жағдайда дыбыстың жиілігі үдетілді, ал жыланның қозғалысын модельдеу кезінде дыбыстық жазба бірден өшірілді.

Жыланның шабуыл жасайтынын білдіретін дыбыс шығарылған кезде ғана итбалықтар уылдырықты жарып шығатын болған. Сонымен қатар, олар дыбыстардың екі сипаттамасын