Бақберген Әбуов БҚО жұмыспен қамту басқармасына басшы болды

бақберген әбуов
Фото: БҚО әкімдігі

ОРАЛ. KAZINFORM — Конкурстық комиссия шешіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен Бақберген Талғатұлы Әбуов БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бақберген Талғатұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. 

Әр жылдары БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің бас маманы, осы басқармада ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты бақылау бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет етті. 

Тағайындауға дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар