Бақыт Қайшыбеков Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне басшы болды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Тағайындау
Фото: Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Бақыт Қайшыбековтің білімі жоғары. Заңгер, бизнес және экономиканың бакалавры.
2007-2012 жылдар аралығында қаржы полициясында әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда еңбек етті.

2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті құрамындағы Экономикалық тергеу қызметінде болды. Ал, 2019 жылы ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, 2020 жылы Түркістан облысы, 2022 жылы Қызылорда бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар