«Бақытты сағаттар» акциясы: Қарағандылықтар маусым бойы тегін гинекологиялық тексерістен өте алады
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандының акушерлік-гинекологиялық орталығында тегін тексеруден өтуге болады. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Маусым бойы Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығында «Бақытты сағаттар» акциясы өтеді. МӘМС сақтандырылушыларына мамандар тегін кеңес береді.
Гинекологтар апта сайын сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.
Қабылдауға келгендер кеңес алып, анализ тапсыра алады және жамбас мүшелерінің гинекологиялық ультрадыбысын жасай алады.
Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.
Акушерлік-гинекологиялық орталық Қарағанды қаласы, Щорс көшесі, 53 («Майқұдық МҮ» аялдамасы) мекенжайында орналасқан.